Қоғам
1 мин оқу 312
Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Тергеу әлі аяқталған жоқ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты. Тергеу құпиясына байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды», деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты.
Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айып тағылған. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: