Қазақстан
1 мин оқу 343
Қазақстаннан Ереванға жаңа әуе рейсі ашылады
<p style="text-align: justify;">2 маусымнан бастап Алматы-Ереван бағыты бойынша жаңа әуе рейстері басталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

FlyArystan әуе компаниясының мәліметінше, бару және қайту рейстері тағайындалған күннен бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Airbus A320 борттарында орындалады.
Қазір Ақтау-Ереван бағыты бойынша SCAT әуе компаниясы аптасына екі рет рейстерді жүзеге асырады. Армениядағы қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес, елге кіру үшін туристерге ПТР-тестін немесе вакциналау паспортын ұсынудың қажеті жоқ.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: