Аймақтар
1 мин оқу 640

Ереже бұзған көліктен есірткі шықты

<p style="text-align: justify;">7 мамыр күні сағат 21:15 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы қызметкерлері Тасбөгет кенті тұсынан жол ережесін бұзған Арал ауданының 57 жастағы тұрғынының басқаруындағы &laquo;Lada-Kalina&raquo; автокөлігін &nbsp;тоқтатқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ереже бұзған көліктен есірткі шықты

Тексеру барысында жолаушыдан газет қиындысына оралған шөп ұнтақтары тәркіленіп, сараптамаға жолданды. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін анықтаған. Сонымен қатар күдікті үйінің ауласында 5 түп сораны егіп, баптағаны да белгілі болып отыр.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300-бабының 1-бөлігімен (Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  

Бөлісу:
Ереже бұзған көліктен есірткі шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар