Аймақтар
1 мин оқу 220

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қалалық ТЖД 15 мамырда бұршақ жауатынын ескертті. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді.

Туристерге тауға саяхаттау жоспарын кейінге қалдыру сұралады, таулы аймақтарда да ауа райы мінез танытып, қолайсыздықтар туындайды деп күтіледі.

Бөлісу:
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар