Коронавирус
1 мин оқу 420

5 адам коронавирус жұқтырды

<p style="text-align: justify;">13 мамырда ПТР тест арқылы Қазақстанда 5 адамда коронавирус анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.</p>

Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің екі ірі қаласында тіркелді. Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті.

Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен, осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.

Бөлісу:
5 адам коронавирус жұқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар