Елдегі макроэкономикалық жағдай қалай?
<p style="text-align: justify;">Елдегі қаңтар оқиғасы, геосаяси шиеленіс және Батыстың Ресейге қарсы санкциялары салдарынан жыл басынан бергі макроэкономикалық жағдай күрт нашарлаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.</p> <p> </p>
«Аталған ахуалды жалпы экономикадағы қаржылық жағдайдың жай-күйін көрсететін және GaR үлгісі негізінде есептелетін FCI серпінінен де көруге болады. Мәселен, экономикалық өсімнің 2021 жылғы 4-тоқсандағы 4%-дан биылғы 1-тоқсандағы 5,5%-ға дейін үдеуіне қарамастан, FCI жинақтау индексінің бағыты қатаңдату жағына қарай өзгерді. Алайда, қаржылық жағдайларды қатаңдату белгілі бір аралықпен экономикалық өсуге кері әсер ететінін атап өту қажет», делінген ведомствоның жазбасында.