Әлем
1 мин оқу 222

Делидегі өрт 27 адамның өмірін қиды

<p style="text-align: justify;">Үндістан астанасы Делидегі ғимараттардың бірінде болған өрт салдарынан 27 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

NDTV арнасының хабарлауынша, қаланың батысындағы Мундка метро станциясының маңындағы 4 қабатты үйден өрт шыққан.

Полиция 60-қа жуық адамның құтқарылғанын, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады. 

Қайтыс болғандар саны әлі де көбеюі мүмкін.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Бөлісу:
Делидегі өрт 27 адамның өмірін қиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар