Аймақтар
1 мин оқу 185

Жамбылда жол апатына ұшыраған шетелдіктер еліне аттанды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстан төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Азизбек Латифжонов бастаған жедел топ колоннамен жолға шықты. Олар Жамбыл облысы Жуалы ауданынан 8 жедел медициналық жәрдем көлігі және 1 &laquo;Ванхолл&raquo; маркалы жолаушылар автобусымен аттанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Министрліктің хабарлауынша, автокөліктерде зардап шеккен 13, уақытша орналастыру пунктіндегі 7 адам мен 2 қаза тапқан адамның денесі бар.

Өзбекстан ТЖМ орынбасары Жамбыл облысындағы әріптестеріне және өз отандастарын құтқаруға жұмылдырылған барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

14 мамыр сағат 7:15-те колонна Қазақстан Республикасының шекарасынан өтті. 1980 және 1965 жылдары туған Өзбекстанның екі азаматы Жуалы ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Естеріңізге салайық, 12 мамыр күні сағат 15:46-да Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Алматы-Ташкент» автожолының 571 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған еді.

Бөлісу:
Жамбылда жол апатына ұшыраған шетелдіктер еліне аттанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар