Оқиға
1 мин оқу 240
Алматыда оқушыны көлік қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Оқиға 14 мамыр күні сағат 12:25 шамасында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Subaru» көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде 2010 жылы туған қызды қағып кетті.
«Оқушы қыз дене жарақатымен Алматы қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр», деді Алматы қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.
Бөлісу: