Аймақтар
1 мин оқу 247

Күдіктіден айырылып қалған абақты қызметкерлері жазаланды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.</p>

Аталған департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 17 қызметкерден бөлек, аталған абақтының тағы 1 қызметкері жұмысынан босатылды.

«Шымкент қаласының полиция департаменті аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды», делінген департаменттің хабарламасында.

Бөлісу:
Күдіктіден айырылып қалған абақты қызметкерлері жазаланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар