Қазақстан
1 мин оқу 201

Елордада ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">15 мамыр күні Қазақстанның барлық дерлік қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Елордада ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар