Теннис
1 мин оқу 182

Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмай қалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисші аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге жартылай финалда америкалық Джон Изнер – тағы бір аргентиналық Диего Шварцманмен күш сынасты.

Бірінші партияда америкалық-аргентиналық жұп бір брейкпен басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде А.Голубев пен М.Гонсалес дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте Д.Изнер мен Д.Шварцман жеңісті жұлып алды – 11:9.

Осылайша, А.Голубев мастерс додаларында екінші рет жартылай финалға дейін жетті.

Америкалық-аргентиналық жұп финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, хорватиялықтар Никола Мектич – Мате Павич немесе италиялықтар Симоне Болелли – Фабио Фоньини жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Бөлісу:
Андрей Голубев Рим мастерс турнирінің финалына шыға алмай қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар