Бокс
1 мин оқу 380

ӘЧ: Алты боксшымыз ширек финалға өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасының алты спортшысы бокстан әйелдер арасында әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

54 келіде шаршы алаңға шыққан Дина Жоламан жарыстың 1/8 финалында канадалық Скарлетт Дельгадоны айқын басымдықпен жеңді.

Оның жартылай финалдағы қарсыласы сербияллық Елена Жекич болмақ.

Сондай-ақ, 52 келіде жұдырықтасқан Жайна Шекербекова кезекті кездесуінде жапониялық Ринки Киношитаны жеңіп, ширек финалистер қатарына қосылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының алты спортшысы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Олар:

Алуа Балқыбекова (48 кг)

Жайна Шекербекова (52 кг)

Дина Жоламан (54 кг)

Карина Ибрагимова (57 кг)

Валентина Хальзова (70 кг)

Гульсая Ержан (81 кг)

Бөлісу:
ӘЧ: Алты боксшымыз ширек финалға өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар