Әлем
1 мин оқу 190
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
<div class="description" style="text-align: justify;">Перудің солтүстігінде автобустың жардан құлауы салдарынан 11 адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Radionacional мәліметінше, оқыс оқиға елдің солтүстігінде, Сихуас провинциясындағы шалғайдағы ауылдық жолдың бойында болған. Салдарынан 35 адам жарақат алған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар автобусының жүргізушісі Таябамба-Лима бағытымен келе жатқан, бірақ тізгінге ие бола алмай, қоршауды бұзып өтіп, 100 метрлік жардан құлаған.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: