Қазақстан
1 мин оқу 485

Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

<div class="description" style="text-align: justify;">Есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті. Қазақстан құрамасына &laquo;Алматы&raquo; спорт клубының 12 спортшысы кірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды

Спортшылар спорттың төрт түрі: дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес және жеңіл атлетика бойынша 2 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлім етті.

Қазақстан тарихында алғаш рет екі алтынды жекпе-жек грек-рим және еркін стильде палуан Қайратхан Шонку қанжығасына байлады.

Екінші финалист Асылжан Тәжібаев болды. Ол финалда күміс жүлдеге ие болды. Жалпы медальдік есепте Қазақстан 13-орынды иеленді.

Айта кетейік, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарына әлемнің 100 елінен 4500-ден астам спортшы қатысты. Биыл есту қабілеті нашар адамдарға арналған Олимпиада ойындары Бразилияда өтті.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Алматылық спортшылар Сурдлимпиадада 11 медаль жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар