Өнер
1 мин оқу 410

Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды

<p style="text-align: justify;">Әділхан Ержанов түсірген жаңа кинотуынды LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне (Grand Jury Award for Best Narrative Feature) ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазақфильм&raquo; киностудиясына сілтеме жасап.</p> <div class="advdiv" style="text-align: justify;">&nbsp;</div>

Фильмдегі оқиға Қаратас ауылындағы мектепте өрбиді. Білім ордасын басып алған белгісіз біреулер оқушыларды тұтқынға алып, оларды босату үшін ешқандай талап қоймайды. Қаладан көмекке шыққан құтқарушылар алай-дүлей соққан ызғарлы бораннан жете алмағандықтан, мектеп ұстазы Тазшы ата-аналардың басын қосып, балаларды босатуға бел буады.

Фильмдегі басты рөлдерді Азамат Нығманов, Александра Ревенко, Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Нұрлан Батыров, Теоман Хос, Еркен Губашев және Ерден Телемісов сомдайды. «Штурм» – ресейлік LOOKFILM және FORESTFILM компанияларының қолдауымен ShortBrothers продюсерлік компаниясы түсірген Қазақстан мен Ресейдің бірлескен туындысы.

Сондай-ақ жобаны жасауға «Қазақфильм», Cinerental киностудиясы және әйгілі Nomad Stunts каскадерлер тобы атсалысты.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында аталған фильм Францияда өткен Festival international du Film Policier Reims Polar кинофестивалінде Гран-при және сыншылардың жүлдесімен марапатталған болатын.

Фильмнің сценаристі және режиссері Әділхан Ержанов. Продюсерлер: Серік Әбішев, Ольга Хлащева, Александр Плотников, Борис Хлебников, Наталья Дрозд, Анна Тихонова, Абылайхан Әшімов, Жайдарбек Күнғожинов. Қоюшы оператор Айдар Шәріпов. Қоюшы суретші Ермек Өтегенов. Композиторы Ғалымжан Молданазар.

Бөлісу:
Қазақстандық фильм Лос-Анджелесте өткен фестивальде жүлделі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар