Қоғам
1 мин оқу 260
Биыл бес мыңнан астам адам елден кеткен
<p style="text-align: justify;">Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық статистика бюросында хабарлағандай, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4 108 адам келді, 5 281 адам кетті. Яғни, осы кезеңдегі көші-қон көрсеткіші теріс.
Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 86%-ды, көшіп кеткендердің үлесі жалпы көшіп-қонушылар санының 80,8% - ын құрады.
Өңіраралық ауысулар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы елдің үш мегаполисінде қалыптасты:
Нұр-сұлтан-7 523 адам, Алматы-8 278 адам, Шымкент-866 адам.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: