Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
<p style="text-align: justify;">Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Беларусь президентінің сайтына сілтеме жасап.</p>
«Сіздің жасампаз және жан-жақты қызметіңіз, белсенді өмірлік ұстанымыңыз және бай басқарушылық тәжірибеңіз қуатты және гүлденген Қазақстанды құруға, оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған», деп жазылған құттықтауда.
Сондай-ақ ол Минск пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың тереңдей беретініне сенім артатынын атап өтті.
Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, бейбітшілік және оның барлық жоспарларының орындалуын тіледі.