Әлем
1 мин оқу 280

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті

<p style="text-align: justify;">Испанияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысып, машинист қайтыс болды, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті

Апат кешкі уақытта Барселонадан 15 шақырымдай жерде орналасқан Каталонияда болған. Калий тиеген жүк пойызы Испанияның солтүстік-шығысындағы Сан-Бой-де-Льобрегат стансасына кірген кезде рельстен шығып кеткен. Содан кейін вокзалдан шыққан жолаушылар пойызының алдыңғы жағына соқтығысқан.

Испания билігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар бригадасы жолаушылар пойызынан 100-ге жуық адамды эвакуациялауға көмектескен. Машинист көз жұмды, екеуі ауыр жарақат алды, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар