Қазақстан
1 мин оқу 320

Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының Қапал-Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанұлы атындағы мектепте саяси қайраткер, қазақтың алғашқы Конституция жобасының авторы, заңгер, публицист, шығыстанушы Барлыбек Сырттанұлының мүсіні салтанатты түрде ашылды.</p>

Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

«Ақ жол» партиясының демеушілігімен бой көтерген мүсіннің ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Азат Перуашев қатысты. Сондай-ақ салтанатты іс-ша­раға партияның Алматы об­лысы және Алматы қалалық филиал­­дарының басшылары, Ақсу ауданының белгілі қоғам қай­раткерлері, ардагер­лері мен ауыл азаматтары қа­­тысты. Жиын барысында Азат Пе­руашев жергілікті халық­­пен кездесіп, басқосу бары-
сында конституциялық рефор­маның өзектілігін талқы­лады. Жиында сөз алған ауыл ақса­қал­дары еліміздің Негізгі Заңына енгізілетін өзгерістердің маңыз­дылығын айтып, консти­туциялық реформаны толық қолдайтындарын жеткізді.

Кейіннен А.Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясының мүшелері «Қайнар» ЖШС-нің Талдықорғандағы қорғасын батареялары зауытында болды. Зауыт электротехника саласында да, Жетісу өңірінде де ең табыс­ты кәсіпорындардың бірі болып саналады. Зауыттың инженерлік-техникалық қызметкерлермен әңгімелескен ақжолдықтар олардың конституциялық реформаға деген көзқарасымен танысып, ұжымның өткен жылдары партияның алдына қойған кейбір мәселелеріне тоқталды. Әріптестер экономикалық және саяси жағдайға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, жиында зауытта ұзақ жыл бойы қажырлы еңбек еткен жұмысшыларға «Еңбегім еліме» атты төсбелгі табысталды.

Жиналған қауым Талды­қорған­дағы қаңтар оқиғасына да өткір баға берді. Елдегі саяси жаң­ғыру аясында кәсіпорын қызметкерлері мемлекеттік жүйеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігіне еш күмән­дан­байды. Олар Конституцияны реформалау осындай өзгерістерге бағытталған шешуші қадам ретінде қабылдайды.

Бөлісу:
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар