Руханият
2 мин оқу 790

Сананы тұрмыс билесе...

<p style="text-align: justify;">Өмірдің түрлі жағдаяттарында һәм әдебиет пен өнерде &laquo;Сананы тұрмыс билейді&raquo;, деген тәмсіл жиі айтылады. Ақиқатында, бұл өте ауыр сөз, ауыр ұғым.</p>

Сананы тұрмыс билесе...

Ал хакім Абай осы ұғым­ды Жетінші қара сө­зінде былай тарқатады: «Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұза­мадық. Жан бізді жас күні­мізден билеп жүр екен. Ер жеткен соң, күш енген соң оған билетпедік. Жан­ды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қара­мадық, көзбен де жақсы қа­рамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көр­ген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық».

Лажы болса, сананы тұр­мыс билемесе керек-ті. Әр жан қоңыр тіршіліктің, уақыттың құрсауында кет­пей, өз еркін­дігін, өз ақы­лын, өз талантын толық қол­дана алатындай өмір сүр­се дейсің... Дегенмен, қа­зіргі қоғам «сананы тұр­мыс билейдінің» нақ өзі болып отыр. Оған халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі, ой деңгейі, тіпті кейінгі қым­­батшылық та дәлел. Бү­гінде жұрт тек қалай күн көрсем деп уайым қы­ла­ды. Алақандай екі-үш бөл­ме­лік үйді армандайды. Сол себептен де, халық театр­ға бармайды, кітап сатып алмайды, ғылымға қызықпайды. Сол үшін де «жұмысбасты» жұртты кінәлай алмаймыз.

Өнерде де солай. Жал­пы елдің руханиятына мем­лекеттік деңгейде дұрыс көңіл бөлінбеген соң һәм халықтың да қызығушылығы көл-көсір болмаған соң ақын-жазушылар жазуын кә­сіпке айналдырмайды, ән­ші-күйшілер тойға шы­ғып, тойда билеуге ыңғайлы ән жаздырып ақша табады. Шығармашыл жандарды да жаз­ғыра алмаймыз. Жалғыз ақтау – «сананы тұрмыс би­лейді».

Солай бола тұра біз ме­­­­рей­той тойлаудан, ес­керт­­­кіш ашудан, жаттанды жиындар өткізуден, нау­қан­шылдықтан жалық­пайды екенбіз. Қызық. 

Бөлісу:
Сананы тұрмыс билесе... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар