Медициналық пойыздар шалғай аймақтарға жолға шығады
<p style="text-align: justify;">23 мамырда еліміздің өңірлеріндегі шалғай жатқан станциялар мен разъез тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін арнайы пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Пойыздар 13000 км-ден астам қашықтықты жүріп өтіп, шалғай орналасқан Толтыр, Афанасьево, Бегімбет, Никельтау сияқты стансалар мен разъездерге барады. Биыл 200-ге жуық станса мен разъезді қамту жоспарланып отыр.
Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Медбригадалар құрамында терапевт, педиатр, ЛОР, кардиолог, офтальмолог, стоматолог және т.б. мамандар бар.
«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары арнайы жабдықталған 8 мамандандырылған вагоннан тұрады. Дәрігерлер күніне ондаған науқасты тексереді. Медициналық пойыздар жұмыс істеп тұрған стансаға білікті мамандардың тексеруінен өту үшін өзге елді мекендерден де тұрғындар келеді», делінген хабарламада.