Оқиға
1 мин оқу 441

Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді

<p style="text-align: justify;">Павлодарда ойыннан от шығып, екі қабатты үй өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов апаттың себебін мәлім етті. 

«Қазір терек мамығы түсетін кезең басталды. Балалар соны өртеп ойнайды. Тұрғындарға балаларымен кеңес өткізуді ұсынамыз. Ал, ұйымдардың басшыларын өз аумақтарын тазалауға, абай болуға шақырамыз. Өйткені салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, кеше балалардың мамық өртеп ойнауы салдарынан екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты», деді Қайрат Шаймарденов. 

Оның айтуынша, оқиға орнында тергеу жүргізу кезінде балалардың мамық өртеп ойнағаны анықталған. 

«Видеосы да бар. Куәгерлерден жауап алынды. Олардың айтуынша, өрттің шығуына балалардың отты абайсыз қолдануы себеп болған», деді Қайрат Шаймарденов. 

Аталған фактіге қатысты іс облыстық полиция департаментіне жолданған. Кінәлілер бойынша соңғы шешімді полиция департаменті шығарады.

Бөлісу:
Терек мамығымен ойнаған балалар үйді өртеп жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар