Ауа райы
1 мин оқу 210

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда 19-21 мамыр аралығында жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысында Солтүстік-батыс циклоны, оңтүстік өңірлерге Оңтүстік циклоны ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады. 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамыр батыста, солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», делінген синоптиктердің хабарламасында.

Бөлісу:
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар