Білім
1 мин оқу 490

Оқушылар мен ата-аналар QR код арқылы шағымдана алады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстан мектептерінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі веб-сайтқа QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылады, деп хабарлайды<span class="Apple-converted-space">&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;</span>ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.</span></p>

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында Bala Qorgau интернет-ресурсын іске қосты.

«Енді мектептерде Bala Qorgau веб-сайтының QR-коды мен мекенжайы бар арнайы тақтайшалар орнатылады, онда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Оқушылар мен ата-аналар анонинмді түрде көмек сұрай алады немесе білім беру ұйымдарындағы заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады. Өтініш жасағандарға анонимділікке кепілдік беріледі», делінген БҒМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствода нақтылағандай, QR-тақтайшалар Нұр-Сұлтан мен Алматының бірнеше мектептерінде орнатылған.

«Алдағы уақытта олар басқа білім беру ұйымдарында да орнатылатын болады. Қазірдің өзінде 100-ден астам өтініш түсті, олар негізінен балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы мәселелеріне қатысты», деп қосты ведомство.

Бөлісу:
Оқушылар мен ата-аналар QR код арқылы шағымдана алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар