Өнер
1 мин оқу 253
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
<p style="text-align: justify;">Пабло Пикассоның 1932 жылғы «Femme nue couchée» картинасы сейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's дебюттік аукционында 67,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Nasdaq агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Пикассоның «Femme nue couchée» сюрреалистік картинасы француз тілінен «жалаңаш жатқан әйел» деп аударылған.
Картинада оның музасы Мария-Тереза Вальтер көп аяқты теңіз жаратылысы ретінде бейнеленген. Оның жүзуге деген махаббаты мен судағы сымбаты суретшіні теңізді бейнелеуге шабыттандырған.
Sotheby's аукцион үйінің айтуынша, Пикассоның өзі суда жүзе алмаған.
Бөлісу: