Бизнес
2 мин оқу 230

Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады

<p style="text-align: justify;">Алматы облысының кәсіпкерлері &laquo;Атамекен&raquo; ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті. Ашық диалог кезінде өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдері отандық туризм саласын дамыту, өнім өндірушілер үшін мәселеге айналған СТ-KZ сертификатын алу және де басқа отандық кәсіпкерлерді қолдау жайына тоқталып, ұсыныстар айтты.</p>

Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады

Жиында сөз алған ұлттық палата басшысы Жетісу өңірі ауыл шаруашылығы мен туризм саласы бойынша жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті. Ол «Атамекен» палатасының қыз­метін трансформациялау және елдегі кәсіпкерлікті дамыту шең­беріндегі жаңа тәсілдер туралы да айтты. Бүгінде бірыңғай сая­сатты қалыптастыру үшін бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын күшейту қажеттігіне назар аударды.

– «Атамекен» және мемлекет арасында бірыңғай түсінікті аппараты, салаларды дамытуға бірыңғай тәсілдер болуы керек деп санаймын. Сондықтан эко­номика салалары арасында теңестірілген және міндетті не­гізгі көрсеткіштер негізінде мем­лекеттік жоспарлау жүйесі қажет, – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Жиында туризм индустрия­сына қаржы салып отырған кәсіпкерлер Алматы облысы мен Алматы қаласының туризмін дамыту бойынша өзара іс-қимыл мен ке­лісімнің маңызына назар аудар­ды. Ал Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов екі өңір арасында туризм­ді дамыту бойынша жасалған келісімдер мен бірлескен қыз­меттің негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Түйткілді мәселе­лерді талқылау барысында СТ-KZ сертификатын беруге қатысты сөз қозғалды.

– Қазіргі кезде кәсіпкерлер шығарылған өнім үшін түрлі сер­тификаттарды алуға мәжбүр. Олар­ды алу арзан емес, нәти­же­сінде бұл шығындар тауардың өзіндік құнына әсер етеді. Сон­дықтан сертификаттарды беру ережелерін қайта қарап, оларды пайдалану мүмкіндігін кеңейту керек. Осылайша серти­фикаттарды бизнеске қол­жетімді ету қажет. Бұл барлық кәсіпкерге ортақ жүйелі мәселе, – деді «QAZAQ-PAK» ЖШС компаниясының төрайымы Ажар Сүлейменова.

Бизнесмендер сондай-ақ суару желілерін салу және күтіп ұстау, отандық өндірушілерді қол­дау проблемаларын атап өтті. Сондай-ақ ҰКП және облыс әкім­дігінің басшылығынан ша­ғын және орта бизнесті қол­дау жөніндегі мемлекеттік іс-ша­ра­лардың жүзеге асырылуын ба­қылауға алуды және эко­­но­микалық жағдайға бай­ла­ныс­ты бизнесті тексеруге мо­раторийді тағы үш жылға ұзар­ту мүмкіндігін қарастыруды сұ­рады. Төрағаның тапсырмасы бо­йынша, барлық жүйелі мәселе мен ұсыныстар орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен талқылау және шешу үшін Ұлттық палатаның орталық және өңірлік аппаратымен пысықтауға алынды.

Бұдан бөлек кәсіпкерлер Ал­маты облысының бөлінуі және өңірлік кәсіпкерлер палатасын Жетісу және Алматы облыстарына бөлуге қатысты сауал қойды.

– Жаңадан құрылатын облыстарда жаңа өңірлік филиал­дарды құру мәселесі съездің айрықша құзыретінде. Осыған байланысты мәселе ҰКП съезін өткізу барысында талқыланып, шешілетін болады. Съезге дейін өңірлік палаталар қолданыстағы форматта жұмыс істейді, – деп жауап берді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

Алматы облысы

Бөлісу:
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар