Референдум
1 мин оқу 310

Табысты болашаққа сенім мол

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай, Гүлнар Бижанова, Юрий Жулин, Арман Қожахметов және Тілектес Адамбеков Қарағанды облысындағы Е.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетке барып, оқытушылар құрамымен кездесті.</p>

Табысты болашаққа сенім мол

Кездесуде депутаттар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум­ның маңызы мен мақсаты туралы айтты.

«Реформа халықтың елді басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге және тұтас­тай алғанда азаматтардың конс­титу­­циялық құқықтарын қорғауды күшей­туге мүмкіндік береді», деді Юрий Жулин.

Өз кезегінде Гүлнар Бижанова ре­фе­­ре­н­думның маңызды саяси оқиға еке­­нін айтып, әрбір қазақстандық өз жауап­кершілігін көрсете отырып, туған елінің табысты болашағын құруға өзінің қатыстылығын сезінуге тиіс екеніне назар аударды. «Президент ұсынған жобалар ел экономикасының өркендеуіне, қоғамның мемлекетті басқару ісіне ықпалын күшей­туге серпін береді», деді депутат.

Ал профессор Нұрсахан Ахметова рефе­рен­думға қолдау көрсетіп, ризашы­лы­ғын білдірді. «Ата Заңға енгізілетін тү­зетулер қатарында жерді, оның қой­науын, суды, өсімдіктер мен жануар­лар дү­­ниесін, басқа да табиғи ресурс­тар­­ды халық меншігі деп жариялау қарас­­ты­рылған. Менің көкейіме қонған осы өзгерістерді заңмен бекіту үшін ре­ферен­думға барамын. Өйткені бұл біздің дауысымызбен, шешімімізбен жүзеге асырылады. Мен осыған сенемін», деді.

Сонымен қатар іс-шарада ұжым мүше­лері депутаттарға зейнет жасын төмен­дету мүмкіндігі туралы ұсыныс­тарын және басқа да бірқатар мәселені жеткізді.

Бөлісу:
Табысты болашаққа сенім мол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар