Қоғам
2 мин оқу 323

Уәдең қайда, шенеунік?

<p style="text-align: justify;">Осыдан шамамен он жыл бұрын Павлодар қаласының әуежайына жақын аумақта үй&shy;лердің іргетасы салы&shy;на бас&shy;тады. Ше&shy;неу&shy;нік&shy;тер ол жерде бар&shy;лық инфрақұрылым жұ&shy;мыстары жүргізіледі деп жар салған соң үй салуға асыққан ағайын жер алып, кірпіш тасып, шама-шарқынша әрекет етті. Тіпті сән-салтанаты келіскен коттедж&shy;дер де бой көтерді. Өкініштісі сол, бір ауылға айналған аумақта әлі күнге дейін уәде етілген жылу құбырлары тартылған жоқ.</p>

Уәдең қайда, шенеунік?

Жылу мәселесі шешілме­гендіктен кейбіреуі мұндағы үйле­рін саяжай ретінде пайдаланады. Қыста құлыппен «қаруланып», терезе-есікті шегелеп, облыс орта­лығындағы үйінде күнелтеді. Ал көбі қысы-жазы осында тұрады. Жалғыз баспанасы – осы. Амал­сыз­дан ауылдың халқы сияқ­ты көмір жағуға мәжбүр. Отын­ның шығыны өз алдына, әуежай ас­панында жайылған көк түтін­нің экологиялық зардабы да бар емес пе? Оған бас қатырып отыр­ған шенеуніктер жоқ. Ке­зінде уәдені үйіп-төккен шен­ділер зей­нет­­­керлікке шығып кеткен де болар...

Тұрғын үйдің іргетасы қа­лан­ған уақытта мәре-сәре күй кешкен Мақсат Ешмұратовтың қазіргі көңіл күйі көтеріңкі деу қиын.

– Жеке тұрғын үй құры­лысы жобасында орталық­тан­дырылған жылу жүйесі қа­­рас­тырылған. Мен жер ал­ған уақытта құбыр­лардың тө­селгенін көрген едім. Кейін белг­ісіз себеппен оны қайтадан суы­рып алыпты. Содан бері құбыр да жоқ, жылу да жоқ. Бүгінде мұнда үй сал­ғандардың басым бөлігі сусыз, жарықсыз отыр, – дейді М.Еш­мұратов.

Қалалық құрылыс бөлімі басшылығының мәліметінше, жобаның сараптамасы дайын бол­ған соң желілерді тарту үшін рес­публикалық бюджеттен қара­жат сұралмақ. Егер қолдау тапса, биыл тиісті жұмыстар қолға алын­бақ. Кеш болса, келесі жылы жалғасатынына сендіруде.

Әкімдіктің жауабына тұр­ғын­дардың разы болмағаны анық. Республикалық бюджет сауын сиыр емес. Одан да маңызды жоба­лар жетерлік. Сонда респуб­ликалық қазы­надан қаражат бөлін­бесе, же­лілер тартылмайды деген сөз бе? Тұрғындар тағы 10 жыл күтуі керек пе? Не десек те, жер­­гілікті билік уәдесінде тұ­рып, қол­ға алған шаруасын соңына дейін аяқтауға тыры­сады деген үміт бар. Тұр­ғындардың тілегі сол.

 

Павлодар облысы

Бөлісу:
Уәдең қайда, шенеунік? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар