Қазақстан
2 мин оқу 386

Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды

<p style="text-align: justify;">Qazaqstan телерадиокорпорациясы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған &laquo;Жалын&raquo; телевизиялық жастар байқауының қорытындысын жариялады.</p>

Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды

2022 жылғы 15 сәуірден бастап конкурсқа республикалық, аймақтық телеарналардан, ақпараттық агенттік журналистерінен, жоғары оқу орын­дарының студенттерінен түрлі жанрда 60-қа жуық шығармашылық жұмыс келіп түсті. Телерадиокорпорация тарапынан арнайы құрылған комиссия 4 үміткердің жұмысын үздік деп таныды.

Әр аталым бойынша байқау жеңім­паздары:

«Үздік деректі фильм» аталымы бойынша Камал Смайылов атындағы жүлдені Kokshe kontent ақпарат агент­тігінің тілшісі Ұлан Зейнелқабден ие­ленді («Қарағанды лагері – қара таң­ба» деректі фильмі);

«Үздік режиссерлік жұмыс» аталымы бойынша Камал Смайылов атын­дағы жүлдемен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының III курс студенттері Анель Оразгелді және Зере Амангельдинова марапатталды («Бейсен Құранбек» деректі фильмі);

«Үздік авторлық бағдарлама» аталымы бойынша Сағат Әшімбаев атын­дағы жүлдені Turkistan телеар­насының тілшісі Айдос Игіліков иеленді («Жедел желі» бағдарламасы «Абақтыдағы ару» шығарылымы);

«Үздік сюжет» аталымы бойынша Сағат Әшімбаев атындағы жүл­дені Сәт­баев қалалық Aqsham телеар­на­сы­ның тіл­шісі Еркеназ Шоқан иеленді. («Төл жур­налистиканың қамалы» сю­жеті»);

Үздік шыққан жоба иегерлері 500 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.

«Біздің мақсатымыз – жас журналис­тер арасында Қазақ телевизиясының бастауында тұрған тұлғалар есімін ұлықтау және жас әріптестеріміздің шығармашылығына қолдау көрсету. Үздік деп танылған жұмыстардың негізінде Камал Смайы­лов пен Сағат Әшімбаев кезінде әрбір авторлық жобасында көздеген ұлттық мақсат-мүдде жатыр. Әрбірінде бір тақырып арқылы ауқымды мәселе қамтылған. Келіп түскен жұмыстарды іріктеуде техникалық және шығарма­шылық ізденістен бөлек, осы жайттарға мән берілді», – деді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Телевизиялық «Жалын» жастар кон­курсы Qazaqstan телерадиокор­пора­циясының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Бөлісу:
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар