Бокс
1 мин оқу 681

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің финалына өткен қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (48 келі) 19 мамырда бірінші болып финалдық жекпе-жек бағдарламасын ашады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Азия чемпионы атанған қазақстандықтың қарсыласы Түркия өкілі Айсе Чагирар болады.

Ақтық жекпе-жектің басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-ге жоспарланған.

Еске сала кетсек, жамбылдық боксшы Алуа Балқыбекова жартылай финалда Болгариядан келген Севда Асенованы ойсырата жеңген еді. Жекпе-жек бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Бөлісу:
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар