Референдум
1 мин оқу 281

Халық тілегінен туған бастама

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында саяси жаңғырудың ауқымды бағдарламасы туралы айтты. Бұл бағдарлама қалың көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.</p>

Халық тілегінен туған бастама

Жаңарған Қазақстанда Прези­дент айтқандай, саяси жүйе түбегейлі өзгеруге тиіс. Бұл – Қазақстан жұртшылығының талап-тілегінен туып отырғаны ақиқат. Ал оны жүзеге асыру үшін еліміздің Конституциясы, яғни Ата Заңымызға елеулі өзге­ріс­тер енгізілуі – заман талабы.

Қазақстанда конституция­лық реформа жасау үшін білікті заңгерлер мен ғалымдар, саясаткер мамандар тобынан құралған сарапшылар іске кірісті. Соның нәтижесінде Негізгі Заңы­мызға көптеген өзгеріс енгізіледі. Осыған орай елімізде конституциялық реформа жүзе­ге асып, бүкілхалықтық референдум өткізілетін болды. Ал оған респубика жұртшы­лығы бір кісідей атсалысып, белсен­ділік танытулары тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерту­лер енгізуге орай референдум өткізу туралы ұсы­нысы Ата Заңымыздың жа­ңаша сипатқа ие болатын­дығын көрсетеді. Бұл – еліміз­дің тағдыры үшін жаңа қадам, айрық­ша мәнге ие. Бұл – даму­дың жаңа әрі тарихи кезеңі. Сон­дықтан елімізде санаулы күн­дерден кейін өтетін бү­кілха­лықтық референдумға түгел қаты­сып, Жаңа және Әді­летті Қазақстанды құруға бар­ша­­мыз атсалысайық. Бұл халқы­мыздың жарқын болашағы үшін керек.

Саясат БЕЙІСБАЙ,

Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы

Бөлісу:
Халық тілегінен туған бастама · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар