Бокс
1 мин оқу 272

Кезекті қарсыластар белгілі болды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Жартылай ауыр салмақта өнер көр&shy;сететін қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов (4-0, 2 КО) пен орта сал&shy;&shy;мақта жұдырықтасатын Мейірім Нұр&shy;сұлтановтың (16-0, 9 КО) қар&shy;сыластары белгілі болды.</p>

Кезекті қарсыластар белгілі болды

Қазақстандық Adal Promotions компаниясымен жұмыс істейтін боксшыларымыз 11 мау­сым күні Ақтау қаласында өздерінің кезекті жекпе-жектерін өткізеді. Атап айтқанда, кәсіпқой бокс кешінде әуесқой бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов аргентиналық Дурваль Паласиомен (9-2, 6 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған.

Ал жуырда ғана WBO International чемпиондық белдігін жеңіп алған Мейірім Нұрсұлтанов та аргентиналық боксшымен айқасады. Оның қарсыласы – Себастьян Орасио Папески (18-3, 6 КО) болмақ. Айта кетейік, Б.Нұрдәулетов пен М.Нұрсұлтанов кейінгі жекпе-жектерін ақпанда Ақтауда өткізіп, екеуі де қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңген еді.

Бөлісу:
Кезекті қарсыластар белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар