Коронавирус маусымдық инфекцияға айналуы мүмкін - сарапшылар
<p style="text-align: justify;">Роспотребнадзордың Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институтының директоры Василий Акимкин коронавирус инфекциясы маусымдық ауруға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ria.ru/" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">РИА Новости</a>-ге сілтеме жасап.</p>
«Коронавирустың маусымдық разрядқа өтуі әбден мүмкін. Содан кейін біз жыл сайын тұмаудағы сияқты оған вакцина таңдап, салдырамыз», деді сарапшы «Жұқпалы аурулар – өзекті проблемалар, емдеу және алдын алу» VIII ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.
Оның айтуынша, қазір отандық ұлттық мәліметтер базасы қалыптасқан. Онда коронавирустың 130 мыңнан астам геномы бар. Бүгінде «Омикрон» штамының 45-тен астам мутациясы кездеседі.
«Әлемдік практикада тіркелген барлық генонұсқа Ресей аумағында болды. Алайда олардың тек екеуі – «Дельта» мен «Омикрон» ғана көп таралды», деді Василий Акимкин.