Білім
1 мин оқу 470

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі

<p style="text-align: justify;">Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап &laquo;Еңбекке баулу&raquo; пәні қайта енгізіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі

Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

«Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектепте бұл тәжірибе бар», деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, алғаш рет биылдан бастап мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын «педагог-кәсіптік бағдар беруші» маманы енгізіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты да жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті .

Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар