ДДҰ Қытайдың COVID-19-ға қарсы үшінші вакцинасын мақұлдады
<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 19 мамыр күні Қытайдың CanSino Biologics биофармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19-ға қарсы CONVIDECIA вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Бұл ДДҰ сертификаттаған Sinopharm және Sinopec-тен кейінгі үшінші қытайлық вакцина.
Вакцина аурудың белгілеріне қарсы 64% және ауыр COVID-19-ға қарсы 92% тиімді екені анықталды.
CONVIDECIA сонымен қатар ДДҰ-ның иммундау бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобында (SAGE) қаралды, ол оны 18 жастан асқан барлық жас топтарында бір реттік 0,5 миллилитр доза ретінде пайдалануды ұсынады. Вакцинаны қолдану бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар жақын арада жариялануы тиіс.
Аяна Тоғанбек