Қазақстан
1 мин оқу 563

Ақжайық резерватының аумағында өрт болды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысындағы &laquo;Ақжайық&raquo; мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді. Облыстық төтенше жағадайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт 19 мамырда тұтанған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Каспий теңізінің жағалауына ғарыштан мониторинг жүргізу кезінде 19 мамыр сағат 16:15-те «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында өрт ошағы тіркелді. Резерват қызметкерлерінің мәліметін тексеру кезінде қамыс өртінің Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтағы Каспий теңізінің жағалауында тұтанғаны анықталды. Өрттің аумағы - шамамен 5 гектар», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Өрт сөндіруге «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 10 адам, 2 қайық, 2 мотопомпа тартылған.

19 мамырда 3 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Жалынды сөндіру әлі де жалғасып жатыр.

Айта кетсек, бұл «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тіркелген алғашқы өрт емес. Бұдан бұрын 21 сәуірде аталған резерватта 9 гектар қамыс өртеніп кеткен еді.

Бөлісу:
Ақжайық резерватының аумағында өрт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар