Аймақтар
1 мин оқу 450

Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған

<p style="text-align: justify;">Атырауда жыл басынан бері күйік шалған 6 бала қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Орындық Сиплованың айтуынша, биыл балалар арасында күйік шалу фактілері көбейген.

«Былтырғы 4 айда 137 баланы күйік шалған болатын. Олардың арасынан бірде-бір бала қайтыс болмаған еді. Ал, биылғы қаңтар-сәуір айларында күйік шалған 185 дерек тіркелді. Оның ішінде 6 бала қайтыс болды. Өткен жылғы 4 айда ауруханаға химиялық күйік алған балалар түспеген еді. Биылғы осы кезеңде осындай жарақатпен 9 бала түсті. Былтыр 50 бала термиялық күйікпен аурухана дәрігерлеріне жүгінсе, биыл олардың саны 88-ге жетті. Балаларды күйік шалудың басты себебі – ата-аналардың балаларының әрекетіне немқұрайлық танытуы», деп түсіндірді Орындық Сиплова.

Бөлісу:
Биыл Атырауда 185 баланы күйік шалған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар