Үкімет
1 мин оқу 234

Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды

<p style="text-align: justify;">2022 жылғы 20 мамырда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Ашхабадқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Түрікменстан Президенті Сердар Бердымухамедовпен кездесу барысында биылғы жыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толатын айтулы жыл екені атап өтілді.

Тараптар сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы Қазақстан-Түрікменстан ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24-25 қазандағы Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ сапар аясында Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлары Шахым Абдрахмановпен, Чары Гылыджовпен және Эсенмырат Оразгельдиевпен жеке келіссөздер жүргізілді, онда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың практикалық шаралары егжей-тегжейлі қаралды.

Бөлісу:
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар