Білім
1 мин оқу 772

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі

<p style="text-align: justify;">Халықаралық пәндік олимпиадада жеңімпаз болған оқушыларға 500-1500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.</p>

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өткім келеді. Жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі», деп жазады министр.

Айтуынша, оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.

Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар тағайындалатынын жеткізген.

«Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра береді», деп түйіндеген Асхат Аймағамбетов.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар