Аймақтар
1 мин оқу 590
Талдықорған-Үшарал жолын су шайып кетті
<p style="text-align: justify;">Қатты жауған жаңбырдан кейін ағынды су жаңадан салынып жатқан Талдықорған-Үшарал жолын шайып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға Сарқан ауданына жетпей, Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылынан кейінгі Еңбек ауылының маңында болған.
Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
«22 мамыр күні сағат 16:45-те хабарлама түсті. Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың 395-шақырымындағы Еңбек ауылының тұсында қалың жауын-шашын суы көпірді шайып кеткен. Құбыр тәрізді көпірдің диаметрі - 3,5 м, тереңдігі - 3 метр. Матай-Лепсі ауылдары арқылы айналма жол бар», делінген Ақсу ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: