Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды
<p style="text-align: justify;">Арыс ауданының полиция қызметкерлері далалы жерде өсетін, емдік қасиеті жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз әрекет еткен 23 өзбекстандық азаматты анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген.
«23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына 519-бап (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды», деп хабарлады ведомстводан.