Ораз Жандосов жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Бұрынғы вице-премьер, Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігінің бұрынғы басшысы Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Бағдат Мусиннің Facebook-парақшасында хабарлады.
Министр кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет екенін айтады.
«Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі - Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын, ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар жасаған еді. Сондықтан мен экономика саласының білікті маманы Ораз Жандосовқа штаттан тыс кеңесші болуға ұсыныс жасадым», делінген жазбада.