Қаржы
1 мин оқу 405

Қор нарығында доллар бағасы арзандады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 23 тиынға арзандады. 1 доллар 424, 84 теңге болды.

Ұлттық банктің 23 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 425, 02 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,80 теңге, сатып алу – 429,08 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,18 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427 теңге.

Бөлісу:
Қор нарығында доллар бағасы арзандады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар