Әлем
1 мин оқу 212

Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Францияның оңтүстік-шығысында, Лез-Адре коммунасында туристік ұшақ апатқа ұшырады. Салдарынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Jodel D140 әуе кемесі 21 мамырда Гренобльдің жанындағы Версуд аэродромынан ұшып кетті. Бортта ұшқыштан басқа төрт адам болған. Құтқарушылар жолаушылар мен ұшу аппараты командирі мәйітінің толық жанып кеткенін анықтады.

Оқиға куәгерлері ұшақтың сол жерден үлкен түтін бағанасы көтерілгенге дейін ағаштардың артында жоғалып кеткенін айтты.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар