Спорт
1 мин оқу 261

Төртінші орында қалып қойды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Иранның бас шаһары &ndash; Тегеранда волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды. Өкі&shy;нішке қарай, бұл жарыста &laquo;Тараз&raquo; же&shy;ңіс тұғырына көтеріле алмады.</p>

Төртінші орында қалып қойды

Топтық турнирде жерлестеріміз Қатардың «Әл-Райяны» (3:2) мен Ирактың «Соут Гас Клаб» (3:0) клубтарын ұтқанымен, Иран­ның «М.Шахбад Йездіне» (1:3) есе жі­берді. Десек те жинаған ұпай қоры плей-оффқа шығу үшін жеткілікті болды. Ши­рек финалда «Тараз» Таиландтың «Нак­хонрат­часимасынан» (3:1) басым түсті. Жар­тылай финалда «Пайкан Тегеранмен» күш сынасты. Қанша тырысса да аталған додада жеті рет дара шыққан командаға әлі жетпеді. Бұл ойында 1:3 есебімен жеңілістің кермек дәмін татты. Ал қола медаль үшін тартыста «М.Шахбад Йездбен» қайта жолықты. Бұл жолы да Парсы елінің волейболшылары біздің жігіттерді сан соқтырды – 3:0.

Сөйтіп, «Тараз» Азияның клубтық чемпионатында төртінші орынға тұрақтады. Ал бас жүлде «Пайкан Тегеранға» бұйырды. Шешуші сайыста алаң иелері Жапонияның «Санториінен» айласын асырды.

Бөлісу:
Төртінші орында қалып қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар