Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
<p style="text-align: justify;">Кувейт халықаралық әуежайы 23 мамырдың түскі уақытынан бастап жабылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Кувейттің азаматтық авиация басқармасы құмды дауылға байланысты елдегі әуе қатынасын тоқтатты. Әлеуметтік желіде жарияланған хабар бойынша Кувейт халықаралық әуежайы дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 14:20-дан бастап жұмысын тоқтатқан. Азаматтық авиация басқармасы директорының орынбасары Имад әл-Джельви ауа райы қалыпқа келген кезде ғана кесте бойынша жұмыс жалғасатындығын жеткізді.
Сондай-ақ Кувейт футбол федерациясы 23 мамыр күні Джабир әл-Ахмед стадионында өтуі тиіс болған «Казма» және «Эс-Салимие» командалары арасындағы Әмірліктер кубогының финалдық матчы бір күнге шегерілгендігі туралы хабарлады.
Cалтанат Кенжебай