Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
<p style="text-align: justify;">Биыл пандемиядан кейін алғаш рет мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау салтанатын өткізуге рұқсат берілді. Дегенмен мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Білім және ғылым министрлігі түлектердің ұстаздарына сыйлық жасауына болмайтынын еске салды. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға, ойын-сауық мекемелерінде бітіру кешін ұйымдастыруға да рұқсат жоқ. Десе де, соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға болады.
«Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма, бұл заңбұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», дейді мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Ал 16-17 маусымда аттестатты салтанатты тапсыру рәсімі өткізіледі.