Оқиға
1 мин оқу 320

Ақмола облысында бесінші қабаттан құлаған әйел көз жұмды

Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 23 мамырда болған.

«Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді ведомстводан.

Бөлісу:
Ақмола облысында бесінші қабаттан құлаған әйел көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар