ANTIKOR
1 мин оқу 214

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманын әшкереледі, ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада. 

Тергеу мүддесінде соталды тергеуге қатысты өзге деректер жарияланбайды. 

Күдіктінің кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Бөлісу:
БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар